КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИСКУССТВ
RU EN KK

Жапониядан келген делегация және ҚазҰӨУ-ің Көркем өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасындағы кездесу

28 нояб 2019 0 comment  

     2019 жылдың 25 қарашасында Жапониядан келген делегация және ҚазҰӨУ-ің Көркем өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында кездесу өтті. Делегация сапарының мақсаты – 2020 жылдағы Токио қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары аясында спорт және мәдени алмасулар саласында ынтымақтастықты орнату.

     Делагация құрамында Қазақстан өнеріне қызығушылық танытатын танымал жапон дизайнері Эми Накасо ханым болды. Сонымен қатар конақтар арасында Нұр-Сұлтан қаласына «Host Town», яғни туыстас қала болып табылатын Касихара қаласының өкілдері де қатысты. Токиода өтетін алдағы XXXII Жазғы Олимпиада ойындарына орай Касихара қаласында Қазақстанның спорт командаларының жаттығулары өтіп жатыр. Жапониядан келген конақтар зор қызығушылықпен қазақ сән-қолданбалы өнерімен танысты.

     «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының студенттері киіз басу және ши тоқу өнері бойынша шеберлік класс өткізді. «Киім дизайны» мамандануының студенттері жетіген сүйемелдеуімен киім үлгілерінің дефиле – қойылымын ұсынды. Кездесу барысында «Кобыз және орыс халық аспаптары» және «Домбыра» кафедраларының студенттері орындауында қонақтар үшін қыл қобыз және домбырада шығармалар орындалды.

     Кездесу Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі қолдауымен өтті, олар өз кезегінде өнер университетінде кездесудің өту мүмкіндігі үшін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», Ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға алғысын білдірді.

For using special positions

Special positions are: sticky_left, sticky_right, notice, tool_bottom. You can use them for any module type. For using this, please go to Module Manager and config your module to your desired position.

You can disable by:

  • Go to Administrator » Template Manager » Your_Template » Tab: Advanced » Use special positions » select: No for all special positions
  • Go to Administrator » Module magager » Your_Module (by postion: sticky_left/ stickey_right/ notice/tool_bottom) » Status: Unpublish for that module

For customize module in special position

The solution is using Module Class Suffix. You can customize button, module content follow Module Class Suffix

E.g. Module Class Suffix: bg-white @bullhorn then:
- Class of buttom is 'ico-bullhorn'. If without @... the default is 'icon-pushpin'
- Class of module is 'bg-white'

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Brown Green Pink Violet
Layout Style
Select menu