КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИСКУССТВ
RU EN KK

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға байланысты дөңгелек үстел

09 янв 2020 0 comment  

     

     Бүгін 09.01.2020ж. ҚазҰӨУ-нің мектебі мен колледжі кітапханасында сағат 12.00- де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға байланысты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған Табешев Хайдар Барлыбаевич. Жиынға қатысқандар: Тәрбие ісі бойынша проректор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор К.Р.Тлеуова, жастар ісі және тәрбие ісі бөлімінің жетекшісі Е.М. Кулумбетов, жастар ісі және тәрбие ісі бойынша бөлімнің жастар саясаты бойынша маманы Динара Байбек, мектеп оқу бөлімінің меңгерушісі М.Қ.Есимов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Сырым Мұхаметжанұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Толғанбай Сембаев,   мектеп кітапханасы мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 2019 жылдың 17 қазанда қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында «Өнерпаз болсаң, арқалан...» тақырыбында Абай Құнанбайұлының шығармаларының кеш-эстафетасы өткізілген болатын. Іс-шараның сценарийі мен ұйымдастырушысы аға ұстазымыз Бержанова Гүлнаһия Исакқызы болатын. Іс-шарада Ләйлім атты оқушы қыздың ұсынған елдік шараға Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қатысып, қолдау көрсеткені, еліміздің мақтанышы аты әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің де үлес қосқаны айтылып, бейнебаян арқылы Абай атамыздың шығармалары әртүрлі тілде айтылғаны көрсетілді. Сондай-ақ, ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің Абай шығармашылығын жатқа мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіріп айтқан болатын.  20 қарашада университетіміздің Жамбыл Жабаев залында «Тұрақты, өркениетті Қазақстанның мәдени дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мектеп оқушыларының эстафетасын қабыл алып, ҚазҰӨУ-нің ректоры, профессор А.Қ.Мусахаджаеваның өзі де Абай шығармасын скрипкада орындау арқылы қолдау көрсеткендігі айырықша көңілден шыққан.  Елбасымыздың мақаласы да халқымыздың Ұлы перзентінің шығармашылығымен тығыз байланыстырыла: Ұлттық болмыстың үлгісі, Мемлекет ісінің мүдделесі, Жаңа қоғамның жанашыры, Әлемдік мәдениеттің тұлғасы, Торқалы тойдың тағылымы бөлімдерінен құралған. Мақала авторы мақалада Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскісі келетіндігі туралы айтып өткен. Мақаланың алғашқы бөлімінде хәкім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі деген. Мемлекет ісінің мүдделесі бөлімінде Абай айтқандай, бізге артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайтындығын, әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет дейді. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлауға шақырады. Жаңа қоғамның жанашыры бөлімінде Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбеқорлықтың мотиваторы дей отырып, ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Автордың айтуынша, Абай тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақыратындығын жеткізеді. Әлемдік мәдениеттің тұлғасы бөлімінде: «Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс.» Торқалы тойдың тағылымы бөлімінде осы жылы Абай атамыздың 175 жылдығына орай өткізілетін іс-шараларға тоқталып өткен. Аталған және басқа да ауқымды шаралар Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілетіні туралы, және сондықтанда бүкіл Қазақстан халқын осы игі бастамаға белсене атсалысуға шақыратындығы айтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз соңында: «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» деген. Мақаланы талқылағаннан соң Сырым Мұхаметжанұлының орындауында  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні тыңдалды. 9 «Ғ» сынып оқушысы Ескенов Азимнің орындауында «Татьянаның хаты» тамашаланды. Іс-шара өте ұтымды, мағыналы, тәрбиелік мәні зор болды.

For using special positions

Special positions are: sticky_left, sticky_right, notice, tool_bottom. You can use them for any module type. For using this, please go to Module Manager and config your module to your desired position.

You can disable by:

  • Go to Administrator » Template Manager » Your_Template » Tab: Advanced » Use special positions » select: No for all special positions
  • Go to Administrator » Module magager » Your_Module (by postion: sticky_left/ stickey_right/ notice/tool_bottom) » Status: Unpublish for that module

For customize module in special position

The solution is using Module Class Suffix. You can customize button, module content follow Module Class Suffix

E.g. Module Class Suffix: bg-white @bullhorn then:
- Class of buttom is 'ico-bullhorn'. If without @... the default is 'icon-pushpin'
- Class of module is 'bg-white'

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Brown Green Pink Violet
Layout Style
Select menu